Қазақстанның семсерлесуден шпагашылар құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты!
Ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы отандық семсерлесу тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының финалында алтын медаль үшін бақ сынайды.
Бұған дейін ұлттық құраманың әлем чемпионаттарындағы ең үздік нәтижесі – 2025 жылы командалық сайыста жеңіп алған қола медаль болатын.
Қазақстандық шпагашылар финалға жолдама алу үшін тартысты өткен жартылай финалда Мысыр құрамасын 41:32 есебімен жеңді.
Құрама сапында Руслан Құрбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов өнер көрсетуде.
Алтын медаль үшін шешуші кездесу Астана уақытымен 15:30-да өтеді.
Алға, Қазақстан!