Денсаулық сақтау министрлігі құны 1 АЕК-ке дейінгі дәрілік заттарды мемлекеттік баға реттеуінен шығармақ.
Бұл қадам дәріханалардағы дәрі-дәрмек ассортиментін кеңейтуге, бәсекелестікті дамытуға және халық үшін қолжетімді дәрілердің бағасын төмендетуге бағытталған.
Министрлік қазақстандықтар үшін дәрі-дәрмектің бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстарын да жалғастырады.
💬 «Дәрілік заттардың белгіленген шекті бөлшек бағасынан асып кету фактілері анықталған жағдайда, растайтын материалдармен бірге өтінішті „DariKZ“ мобильді қосымшасы арқылы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне жіберуге болады», – деп хабарлады министрлік.
Ақпарат көзі:Informburo.kz