Алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Албаниядан елге жеткізілді
Бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, халықаралық іздеу жарияланған Қазақстан азаматы Албаниядан елге экстрадицияланды, деп хабарлады дүйсенбі күні Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Құқық қорғау органдарының дерегінше, бұл адам 2022-2023 жылдары интернет арқылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындауға және жоғары оқу орындарына "кепілді түрде түсіруге" уәде беріп, 32 адамның жиынтығы 28 млн теңгедан астам ақшасын сіңіріп кеткен деген күдікке ілінген.
Содан кейін із жасырған күдіктіге Қазақстан заң орындары халықаралық іздеу жариялаған.
 2025 жылғы мамыр айында Албанияда ұсталған ол Қазақстан бас прокуратурасының сұрауы бойынша биыл елге экстрадицияланып, тергеу изоляторына қамалған.