Алматыда Канье Уэсттің концертіне жалған билеттер сатылған
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер алдағы концертке билет сататыны туралы хабарландыру жариялаған жас жігітті анықтады. Оның заңсыз әрекетінің жолы дер кезінде кесілді.
Полиция Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын билеттерді тек ресми сервистер арқылы сатып алуға, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және интернеттегі күмәнді хабарландыруларға сенбеуге шақырды- деп хабарлайды Zakon.kz ақпарат порталы