Ақтөбеде туристік қызмет көрсетемін деген желеумен жасалған алаяқтық ісі тергеліп жатыр. Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам әлеуметтік желілер арқылы шетелге турлар, әуе билеттері және қонақүй брондау қызметтерін ұсынып, сатқан. Алайда уәде етілген сапарлар жүзеге аспаған.
Ақтөбе облысының прокуратурасының мәліметінше, күдікті клиенттерден ақша алғанымен, өз міндеттемелерін орындамаған. Құқық қорғау органдарының болжамынша, ол алынған қаражатты жеке басының қажетіне жұмсаған.
Соның салдарынан жәбірленушілерге ірі көлемде материалдық шығын келтірілген. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша тергеліп жатыр- деп хабарлайды zakon.kz парақшасы.
Фото :ЖИ