Астананың екі тұрғыны 37 қажыны 60 млн теңгеге алдап кеткен
Елорда прокуратурасының мәліметінше, олар Instagram әлеуметтік желісінде қажыларға Мекке мен Мәдинаға зиярат сапарын ұйымдастыруды ұсынатын хабарландырулар жариялаған.
37 адам қасиетті жерлерге қажылыққа баруды жоспарлап, оларға жалпы 60 млн теңге тапсырған. Алайда сапарлар ұйымдастырылмай, айыпталушылар алған ақшаны өз қажеттеріне жұмсаған.
Жәбірленушілер ақшаларын қайтаруды сот арқылы талап етті. Сот олардың талап-арыздарын қанағаттандырды.
Екі азамат та алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақпарат көзі:Zakon.kz ақпарат порталы