Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген азаматты Грузиядан Қазақстанға экстрадициялады.

Тергеу мәліметінше, күдікті әйелдің сеніміне кіріп, Кипрден пәтер сатып алуға көмектесемін деген желеумен одан 100 миллион теңгеден астам қаражат алған. Ақшаны иемденгеннен кейін ол бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған.

2026 жылдың маусым айында күдікті Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды. Күдіктіге мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Ақпарат көзі:Informburo.kz ақпарат порталы