Қазақстанда мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдетпейді — ІІМ
Мәжіліс отырысында депутат Николай Арсютин Ішкі істер министрлігіне мас күйде көлік жүргізгені үшін берілетін жазаны амнистия аясында жеңілдету мүмкіндігі қарастырылып жатқан-жатпағанын сұрады.
Ол жазасының жартысынан көбін өтеген жүргізушілер үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімін қысқартуды ұсынды. Қазақстанда мұндай құқық бұзушылық үшін жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырады.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұл мәселедегі ІІМ ұстанымы «берік әрі бірмәнді» екенін мәлімдеді.
💬 «Кез келген жеңілдікке жол берілмейді. Алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік басқару азаматтардың өмірі мен денсаулығына зор қауіп төндіреді. Амнистияға келсек, ол сот шешімдерін қамтымайды. Қарастырылып отырған мәселе тек айыппұлдарды есептен шығару туралы. Статистикаға жүгінсек, биылғы жылдың алғашқы 5 айында мас жүргізушілердің кінәсінен 144 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза тапты, 212 адам жарақат алды», — деді Әділов.
Қазақстанда мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаны жеңілдетпейді — ІІМ
Пікірлер 0
Әзірге пікір жоқ. Алғашқы болыңыз!