Түркістан облысының Сарыағаш аудандық прокуратурасы білім беру саласындағы жалақыны есептеу кезінде заңбұзушылықтарды анықтады. Тексеру барысында аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер жұмыс уақытында Қазақстаннан тыс жерде болғанына қарамастан, жалақыларын толық көлемде алып келгені белгілі болды.
Прокуратураның мәліметінше, аудандық білім бөлімі қызметкерлеріне негізсіз төленген қаражат көлемі 389 мың теңгеден асқан. Ал білім беру ұйымдары бойынша мемлекетке келтірілген жалпы шығын 15 миллион теңгеден асты. Заңбұзушылықтар Еңбек және Бюджет кодекстерінің талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында анықталған.
Прокурорлық тексеру қорытындысы бойынша бюджетке 15 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. Сондай-ақ жұмыс уақытында шетелге шыққан қызметкерлер мен мұндай заңбұзушылықтарға жол берген басшыларды қоса алғанда, 680 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды- деп хабарлайды zakon kz ақпарат порталы.
Шетелде демалып жүріп жалақы алғандар кімдер?
Пікірлер 0
Әзірге пікір жоқ. Алғашқы болыңыз!