Түркістан облысында зорлау қылмысына күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.
Түркістан облысының Полиция департаменті күдіктінің жеке басы анықталып, қамауға алынғанын хабарлады. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданады», – деп мәлімдеді полиция.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде бұл іске Бәйдібек ауданы мәслихатының депутаты қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Сондай-ақ жәбірленуші Қытай азаматы, ықтимал инвестор болуы мүмкін деген мәлімет айтылды.
Алайда мәслихат депутаттың ұсталғанын растаған жоқ және ресми түсініктеме беруден бас тартты.
⚠️ Күдіктінің кінәсі сот шешімімен дәлелденгенге дейін ол кінәсіз болып саналады.
Ақпарат көзі:Informburo.kz
Фото: ЖИ