Шымкент қаласының Әділет департаментіне Toyota және Lexus тауар белгілерінің құқық иелерінің ресми өкілі жүгінді. Осыған байланысты департамент мамандары мотор майын ауыстыру қызметін көрсететін пункттердің біріне жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында тауар белгілерінің заңсыз пайдаланылғаны анықталды. Атап айтқанда, департамент қызметкерлері контрафактілі өнімнің сатылғанын тіркеді.

Бақылау іс-шараларының нәтижесінде құқық иелерінің айрықша құқықтарын бұза отырып, олардың тауар белгілерімен таңбаланған 615 дана контрафактілі мотор майы заңсыз айналымнан тәркіленді.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды.

Ақпарат көзі:Zakon.kz ақпарат порталы