Шымкент қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция полковнигі Жеңіс Әуелбековтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, ол Қытай азаматтарының құжаттарын рәсімдеуге көмектесу үшін делдал арқылы берілген 100 мың теңгені алу кезінде қолға түскен.

Бірақ қоғамды алаңдататын мәселе басқа. Соңғы екі жылда дәл осы көші-қон қызметі басқармасының бірнеше басшысы мен басшылық құрамындағы қызметкерлері қылмыстық істердің фигурантына айналды.

▪️ 2024 жылы басқарманың бұрынғы басшысы Сұңғат Түгелбаев бірнеше рет пара алғаны үшін 7 жыл 6 айға сотталған;▪️ Бір ай бұрын басқарма бастығының орынбасары Нұрлан Сембаев алаяқтық үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылған;▪️ Енді кезек уақытша басшыға келді деген ақпарат тарауда.

Бір басқармада мұндай жағдайлардың жиілеуі – кездейсоқтық па, әлде жүйелік мәселенің белгісі ме?

Әзірге құқық қорғау органдары бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

📌 Егер ақпарат расталса, қоғам көші-қон саласындағы тәртіп пен бақылаудың қаншалықты тиімді екеніне тағы да жауап іздейтін болады