Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сұлтан Сәрсемәлиевті төрт адамнан тұратын бір отбасы мүшелерін ауырлататын мән-жайларда өлтіргені үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар ол ұрлық, алаяқтық, мал ұрлығы және құжаттарды заңсыз жасыру баптары бойынша да кінәлі деп танылды. Сотталған азамат жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Сот азаматтық талап-арыздарды да қанағаттандырды. Сәрсемәлиевтен Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің пайдасына 776 311 теңге материалдық шығын өндірілді. Сондай-ақ жәбірленуші Әдемі Шілмағамбетоваға 40 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеу міндеттелді.
Бұдан бөлек, сотталған азамат Жәбірленушілерге өтемақы қорына 117 960 теңге, мемлекеттік баж ретінде 9 926 теңге және 2 512 128 теңге көлеміндегі процессуалдық шығындарды өтеуге міндеттелді.
Жаза мерзімі үкім заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. Бұл ретте 2026 жылғы 8 наурыздан бері қамауда отырған уақыты жаза мерзіміне есепке алынады-деп хабарлайды zakon.kz ақпарат порталы.