ҰҚК жыл басынан бері есірткі жеткізудің 33 халықаралық және 11 өңірлік арнасын жойды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сондай-ақ үш жерасты есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылған.
Жалпы тәркіленген заттар:
🔹 героин – 3,2 кг
🔹 метамфетамин – 8 кг
🔹 апиын – 70,6 кг
🔹 гашиш – 129,7 кг
🔹 гашиш майы – 16 кг
🔹 марихуана – 282 кг
🔹 қарасора – 156,5 кг
🔹 психотроптық заттар – 56,4 кг
🔹 көкнәр сабаны – 20 тонна
🔹 прекурсорлар – 3,8 тоннадан астам.
Есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның 114 азаматы және 7 шетелдік азамат ұсталды.
Шетел мемлекеттерімен бірлесіп 21 есірткіге қарсы арнайы операция жүргізілді. Сонымен қатар қылмыстық топтардың тағы 14 мүшесі шетелде ұсталды.
Қалған мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
📷 ҚР ҰҚК