Оның айтуынша, мұндай шешім басқа адамға өмір сүруге мүмкіндік сыйлауы мүмкін. Сонымен қатар, Айда Балаева донорлық тақырыбына аса мұқият әрі сезімтал қарау қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл мәселеде ешқандай қысым да, айыптау да болмауы тиіс. Бұл – әр адамның және әр отбасының жеке таңдауы.
«Трансплантацияны айлап күтіп жүрген адамдарды да, жақынынан айырылып, ауыр қайғыны бастан өткеріп жатқан отбасыларды да түсіну маңызды», – деді Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі.
Қазіргі таңда Қазақстанда 4 739 адам, оның ішінде 125 бала ағза трансплантациясын күтуде. Трансплантациялардың шамамен 90 пайызы тірі туыстық донорлардың көмегімен жүзеге асырылады.
Айда Балаеваның сөзінше, донорлық туралы ашық әрі құрметпен айту қажет. Өйткені бұл тек адамның таңдауы ғана емес, сонымен қатар біреудің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік.

Ақпарат көзі:prokadry.kz ақпарат порталы

Фото:ЖИ