Қостанай қаласының тұрғыны Нелли Дубовик Damumed қосымшасындағы медициналық деректерінен өзіне ешқашан қойылмаған «эпилепсия» диагнозын көріп, таңғалған.
Жүйеде оның стационарда ем қабылдағаны туралы жазба және шығару эпикризі де көрсетілген.
Емхана өкілдері бұл жағдай бойынша бюджет қаражатының заңсыз жұмсалуы мүмкін деген күдікпен тексеру басталғанын мәлімдеді.
Бұл жағдай кейбір медициналық ұйымдарда бұрыннан қалыптасқан ескі схемалардан әлі де толық бас тартылмағанын көрсетуі мүмкін.
ақпарат көзі:informburo.kz