Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы №3 колледжде жетім балалар санатындағы жеті студент пен мүгедектігі бар бір студентке заң бойынша қарастырылған әлеуметтік кепілдіктер берілмеген. Бұл заңбұзушылықтарды Байзақ ауданының прокуратурасы анықтады.
Тексеру барысында студенттерге демалыс кезінде сауықтыру жолдамалары берілмегені, жол жүру шығындары мен тәуліктік өтемақы төленбегені, киім-кешекпен қамтамасыз етілмегені және 2 АЕК көлеміндегі біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілмегені белгілі болды.
Прокуратураның араласуынан кейін колледж басшылығы заңбұзушылықтарды жойды. Нәтижесінде студенттердің құқықтары толық қалпына келтірілді- деп хабарлайды zakon.kz ақпарат порталы.